Қанат Ислам Хуан де Анхельді 6-раундта сұлатып салды (видео)

198 просмотров

Жеңіс күні қазақстандықтар үшін жеңіспен басталды.

20160508115629

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейклендте өткен бокс кешінде өзінің колумбиялық қарсыласы Хуан де Анхельді 6-раундта техникалық нокаутқа жіберіп, өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. Алдыңғы қарсыластарына қарағанда, алғашқы раундтарда жерлесімізге тегеурінді қарсылық көрсетуге тырысқан де Анхель — төртінші раундта шаршай бастаған болатын. Нәтижесінде, 6-раундта алған екінші нокдаунынан кейін — дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келді.

Кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысқан Қанат Ислам бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCarib нұсқалары бойынша Әлем чемпионы. Ол осымен өзінің кәсіпқой рингтегі 21-кездесуіндегі 21-жеңісіне қол жетізсе, оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Загрузка...