Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қанат Ислам алматылық журналистермен кездесті

Кәсіби бокс қауіпке толы

Кезінде тіпті Колумбия, Доминикан сияқты елдерге де бардым бокстасуға. Ол жақта жүріп-тұру өте қиын. Өміріңе қауіп төнеді. Сырт жақта промоутерім мен бапкерлерім тіпті керісіп те қалып жатты. Сенің атағыңды күшпен болсын тартып алғысы келетіндер болады. Қастандық істеуі де мүмкін. Мені тіпті қонақүйге апарып, одан бір нөмірден екінші нөмірге ауыстырып әуреге түскен кездері де болды. Қауіпсіздік үшін ғой. Боксшы соның бәрінен өту керек.

Бабаларымыз отызында орда бұзған

Бізде ең биік шың – олимпиада, одан кейін бітті, құлайсың деген ұғым сіңіп қалған. Олимпиада чемпионы болған жігіттер өздерін жоғалтып жатады. Егер, Ермахан, Мұхтархан ағаларымыз кәсіпқой боксқа бет бұрғанда, онда күллі әлем қазір қазақты бокстан мойындап отырар еді. Олардан жеңілген талай боксшы, қазір кәсіпқой бокста атой салып жүр. Жасыңның 30-дан асқаны еш кедергі болмауы тиіс. Мен қазір 32-демін. Кезінде ата-бабаларымыз жауға шапқанда, қой 30-дан асып қалыппыз, енді сендер шабыңдар деген жоқ қой. 70-ке дейін жекпе-жекке шыққандар болды. Шалмын десең отызыңда шал боласың. Америкада 50 жасқа дейін бокстаса береді. Бұл тәрбиенің қателігі. Бізде боксшылардың барлығы әуесқой боксқа қатты берілген. Қай жасқа келсең де бірқалыпты жағдайды ұстауға тырысу керек. Жігіт адам бір жеңіліспен жерге кіріп, бір жеңіспен аспанға шықпауы тиіс.

Жігіт салмақты болу керек

Марқұм ұстазым айтатын, жігіт адам сылтау айтпау керек деп. Қателессең мойында, болмаса қателеспе. Жігіт адам бірінші өзіне жауап беру керек. Сосын барып, жарына, отбасына жауап береді. Ұлт үшін ештеңе істемей-ақ қойсын, өзін дұрыс ұстаса болды. Қарындастарға дұрыс тәрбие бере алсақ, олар да ешқайда кетпейді. Еркек бос болса, әйел төркіншіл болады. Кезінде тіпті басқа ұлттармен жүрген қазақ қызын көрсе, жігіттер шапалақпен бір тартып, қызды үйіне қуып жіберген ғой. Қазір бірдеңе айтсаң, үстіңнен арыз жазып шыға келеді. Жігіттер, әр қызға, ана, қарындас, жар деген көзқараспен қарау керек. Ертең үйленсең өзіңнің де қызың болады, ол да бойжетеді деп кеңінен ойлану қажет”

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз