Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақтар Қанат Исламды әуежайдан осылай күтіп алды!

Қанат Ислам vip залдан көрінісімен тағатсыздана күтіп тұрған дүйім жұрт оны: «Қанат, Қанат!», «Қанат жасасын!», «Қанат – қазақтың батыры!» деген секілді ұрандар айтып қарсы алды. Көк байрақты көтерген республикалық спорт колледжінің бір топ студенттері де «Қанат, Қанат!» деп ұрандаумен болды. Ең алдымен өзіне қашанда қолдау көрсетіп жүрген ағаларымен құшақтасып көріскен Қанат, ұлттық киім киген қазақ аруларының қошеметімен сыртқа беттеді.

Көпшілік алдында Амалбек Тшанов барша қазақстандық жанкүйерлердің атынан Қанаттың иығына шапан жапты.

«Қазақ халқының әр кезде де өздерінің батырлары болған. Қанат  – бүгінгі қазақ батыры. Өйткені, ол қазақтың көк байрағын желбіретіп, қазақ халқын бүкіл әлемге танытып жүрген ардақты ұлымыз», – деді А. Тшанов.

Өз кезегінде Қанаттың қамқоршы ағаларының бірі Бауыржан Оспанов та Қанатты кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жанкүйерлерін қуанта беруіне тілектестік білдірді.

Ал Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов: «Туған елге қош келдің Қанат», “Жасасын Қанат”, «Қазақстан алға!» – деп тағы да ұран тастады.

Осыдан кейін, «ұлымның тұсауы кесілсе екен» деп үміттеніп келген Қанаттың тілегі орындалды. Көпшілік алдына оның кішкентай ұлы Абылайхан шығарылып, аяғына ала жіп байланды. Сөйтіп, қаумалаған жұрттың сүйемелдеуімен тәй-тәй басқан Абылай баспалдақпен жоғары қарай жүріп әкесіне жетті. Қанат ұлының тұсауын кесіп, оны мейірлене құшағына басты.

Өз сөзінде Қанат қатты толқып, бұл тосын сыйға қатты риза болғандығын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз