Қанат Исламға жанкүйер болайық!

55 просмотров

Мамырдың 9-ы күні Астана уақытымен таңғы сағат 7-де қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам кубалық Хуан де Анхельмен жекпе-жек өткізеді. Осы жекпе-жектің бейне-жарнамасы күні кеше желіде пайда болды.

Айта кетсек, 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын 31 жастағы Қанат Ислам кәсіпқой рингте бір де бір рет жеңілмеген, ол осы күнге дейін 20 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сінде қарсыласын нокаутқа жіберген.

Оның қарсыласы, 28 жастағы летний Хуан де Анхель 22 жекпе-жек өткізіп, оның 18-інде жеңген (17 нокаут), 3 рет тең түсіп, 1 рет қана жеңілген.

Бұл жекпе-жекті мамырдың 9-ы күні таңғы сағат 7-де «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетпек.

Загрузка...