Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Анасы салақтығының кесірінен қызын өлтіріп алды

111

Дәрі басқа тиген соң қыз есінен танып қалған. Дереу жедел жәрдем шақырудың орнына анасы өз бетімен оның есін жинатуға тырысқан. Ал дәрігерлер келіп жеткенде қыз комаға түсіп үлгерген. Ауруханаға апара жатқан жолда қыз о дүниелік болады. Қазір бұл істі құқық қорғау органы тексеріп жатыр.

Тура осындай жағдай Семей қаласының сыртындағы елді-мекенде екі жыл бұрын орын алыпты. Тура сол дәрі-дәрмекпен басын жуғанда қыз бала анафилактикалық шок алып, есін жимастан ауруханада қайтыс болған. Осы жайттарды ескере отырып, дәрігерлер ата-аналарға паразиттермен күресте дәстүрлі тәсілдерге жүгінуге кеңес береді.

– Педикулезден емдейтін дәрі-дәрмек кез келген дәріханада толып тұр. Бит пен сіркені теріп, сүзгі тарақпен де құртуға болады. Ал бас биттемес үшін қарапайым гигиенаны сақтау абзал, – дейді Семейдегі Жедел жәрдем қосалқы стансасы орталығының меңгерушісі Эльвира Гатауллина.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз