Америкалық миллиардер: Доллардың орнын юань басады

195 просмотров

Танымал америкалық инвестор Джим Роджерс SDR, яғни Халықаралық валюта қорындағы Арнайы қарыз алу құқығы қоржынына юанның келіп қосылуы, ең алдымен, Қытайдың өзіне тиімді деп санайды.

Бұл туралы ол RT телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.

„Юань қазір — әлемдегі салмақты валюталардың бірі, сондықтан да ол халықаралық қоржынға еніп отыр. 15 жыл бұрын әлем Қытай валютасы туралы білмейтін де. Міне, осындай аз уақыт ішінде ол қарыштап шыға келді, болашақта да жылдам күш ала береді. Бүгіндері ол әлемдік валюта деңгейіне жетіп отыр.

Доллардың қазір жағдайы мәз емес. Юанның да бір басынан мәселе жетіп артылады. Оның басты мәселесі — ол бұғатталған валюта, яғни оны емін-еркін сатып алу немесе сату мүмкін емес. Бірақ таяу күндері бұл жайт оңалады. Сондықтан жағдай тура қазір өзгереді деп айтуға болмайды. Бірақ юанның доллармен тайталасып, оның орнын басуға қауқары жетерлік„ — деді Роджерс.

Еске сала кетелік, Халықаралық валюта қоры юанды Арнайы қарыз алу құқығы қоржынына енгізу туралы шешімді өткен жылдың қараша айында мақұлдаған болатын. Бұл шешім биыл 1 қазанда өз күшіне енді. Юанның халықаралық қоржындағы үлесі 10,92 пайыз, бұл — ағылшын ақшасынан (8,09%) және жапонның иенінен (8,33%) артық көлем. Біріншілікті доллар сақтап тұр (41,73%), екінші орында — евро (30,93%).

Загрузка...