Америка сарбаздарының санын қысқартты

28 просмотров

Америка Құрама Штаттары Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның әуе күштеріне көмек беріп жүрген жауынгерлер санын қысқартты. Бірлестік ұшақтары Йемендегі хуситтермен қақтығыс жүргізіп жатқан президент Абд-Раббу Мансур Хадиге қолдау көрсетіп келген.

АҚШ әскери әуе күштері өкілінің айтуынша, коалицияда бұған дейін жүрген 45 америкалық сарбаз 5 адамға дейін қысқарды. Дегенмен, бұл АҚШ Сауд Арабиясына қол ұшын бермейді деген сөз емес.
Кейбір ақпарат көздері «Вашингтон, қажет болса, бұл шешімді қайта қарай алады және АҚШ жауынгерлерінің қысқаруына Йемендегі жағдайдың біршама тынышталуы себеп болды» деп отыр.+

Еске сала кетейік, Йеменде 2014 жылдан бері «Ансар Алла» хуситтік қозғалысы мен президент Абд-Раббу Мансур Хади жақтастарының арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр.

Загрузка...