Ақмола облысындағы Калачи ауылы тұрғындарының «ұйқы ауруына» шалдығуының себебі радиациямен байланысты емес болып шықты.
2013 жылдан бастап адамдары ұйықтап қалатын бұл ауылдың құпиясын ашуға тырысқандар сол маңда жабылып қалған уран шахтасынан шыққан радиация болуы мүмкін деп болжам айтқан. Алайда ғалымдар бұл фактіні растамады деп хабарлайды Қазақстан Жаңалықтары агенттігі.
– Бұл дерттің радиациямен еш қатысы жоқ екеніне жүз пайызға кепіл бере аламын. Радиация құрамында радонның радионуклині көп. Алайда оның «ұйқы ауруына» еш қатысы жоқ. Ал, бұл дертті біз өз көзімізбен көрдік. Институтымыздың мамандары 2014 жылдан бері сол жақта. Бұл осы ауылдың ерекше ауа-райымен байланысты, – дейді Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Сергей Лукашенко.
Қазіргі кезде, аталған ауылға облыстың әр өңірінен дәрігерлер барып, кезекшілікпен жұмыс істейді. Калачи ауылынан тұрғындар толығымен өзге өңірлерге қоныстанғанша әкімдік әлеуметтік нысандарды ұстап, халыққа қызмет көрсетеді.
– Ұлттық ядролық орталық өкілінің бағалауынша, ауаның мұндай көрінісі – табиғи қалыпты жағдай. Улы газдың көбеюі ауылдың климаттық ерекшеліктеріне байланысты туындаған жергілікті фактор. Мұнда үнемі температуралық инверсия болып тұрады. Сондықтан түтін жоғары кетпей, төменде таралады, – дейді ол.