«Алтын доп» сыйлығынан үміткерлердің тізімі 25 қазанда жарияланады

57 просмотров

Францияның France Football журналы 25 қазанда 30 үміткерден тұратын «Алтын доп» футбол сыйлығынан үміткерлердің тізімін жариялайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Алтын доп» 1956 жылы France Football тағайындаған Еуропадағы ең үздік футболшыға берілетін сыйлық. 2010 жылы ФИФА мен France Football «Алтын доп» пен «ФИФА-ның жыл ойыншысы» сыйлықтары біріктірді.

2016 жылдың қыркүйегінде France Football аталған марапат иесін анықтаудың жаңа тәртібін жария етті. Оны қайтадан тек журналистердің пікірлерінің негізінде беретін болды.

20161010092414

Загрузка...