Алматының Әуезов ауданында суық су беру тоқтатылады

19 просмотров

Алматыда су желісін қалпына келтіру жұмыстарына байланысты бірқатар ықшамаудандарда бірнеше сағатқа суық су өшіріледі. Бұл туралы бүгін «Алматы су Холдингі» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 10-А, 11, 12-ші ықшам аудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда алдағы 26 мамырда таңғы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін суық су өшіріледі. Бұл, сумен қамту желісіне D=600 мм, D=500 мм и D=400 мм жаңа магистралдық сутаратқыштарды қосу бойынша атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстарға байланысты болып отыр», — делінген хабарламада.

Дейтұрғанмен, суық су өшірілген уақыт аралығында аталған аумақтағы денсаулық сақтау және білім беру нысандары су тасушы көліктер арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Загрузка...