Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматының сыртында мото және авто жарыстарға арналған жаңа трасса пайдалануға беріледі

189

Sokol кешені маркетинг бөлімінің жетекшісі Думан Жұмаділовтің айтуынша, 205 гектарды алып жатқан кешен аумағында тек MotoGP жарысына арналған трасса ғана емес, басқа да бірқатар маңызды нысандар салынады.

– Сокол кешенін салудағы басты мақсат – Қазақстанда автомотоспорт саласын дамыту үшін жеткілікті жағдай жасау. Бұл жерде қазірдің өзінде дрифт, дрэг-рейсинг, картинг бойынша жарыстар өткізіліп жатыр.

Осындай жарыстарды тамашалау үшін адамдар тіпті шет елге де баруға дайын. Сондықтан, жақын болашақта біздің автодром бүкіл Орталық Азия бойынша ең алғашқы кәсіби автодромға айналады деген сенімдеміз, – деді Думан Жұмаділов.

Сокол кешенінің «Үлкен сақинасы» деп аталатын жарыс трассасының құрылысы қазір қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Ол қолданысқа 2017 жылы беріледі. Оның жобасын атақты неміс сәулетшісі Герман Тильке жасаған.

Ені 15 метр, ал ұзындығы 4495 метр болатын тректе республикалық дәрежедегі және MotoGP, Superbike (сериялық мотоциклдерге арналған әлем чемпионаты), DTM (кузовтық автокөліктерге арналған германиялық жарыс ), WTCC (жеңіл автокөліктерге арналған тас жол-айналма жарысынан әлем чемпионаты) секілді әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз