Алдағы бес жылдың ішінде Алматының метросы Алматы облысына дейін созылады. Метро алдымен «Алматы-1» вокзалына дейін салынса, одан кейін ары қарай Қоянқұс ауылына дейін барады екен.
Жер астындағы жолдың жалпы қашықтығы 80 шақырымға жетпек. Бұл туралы Түрксіб ауданында өткен инвестициялық форум барысында белгілі болды.
«Қаржыландыруға байланысты мәселелерді түрлі жолдармен шешуге тырысудамыз, сырттан инвестиция тартпақпыз. Бюджеттен де қаржы бөлінбек. Осы қаржы көздерін пайдаланып, метро жолдарын салу жобасын жүзеге асырмақпыз», – деді «Метрополитен» кәсіпорнының директоры Мұқан Нұрланов.