Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Амангелді Айталы: білімсіздік пен мәдениетсіздікті жеңсек қана әсіредіншілдікті жеңе аламыз

Жергілікті басылымға берген сұхбатында ғалым билік тарапынан, сол секілді халық тарапынан да кетіп жатқан қателіктерді сынға алды. Амангелді Айталының пікірінше, бұл арадағы қателік білімсіздік пен мәдениетсіздіктен туындап жатыр.

„Террорология ілімінің: «Егер ел ішінде осындай лаңкестік оқиға болсын десең, күдіктенген адамыңның соңына түс, қуғын-сүргінге ұшырат, сонда қорқақ та батыр болып, өзіңе қарсы шығады, ал егер ел ішінде тыныштық болсын десең, мәдениетті бол, себебі сен айналаң үшін жауаптысың» деген бір алтын қағидасы бар. Біз осы үдеден шыға алмай жатырмыз„ – дейді ол.

– Құқық қорғау органдары өкілдері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкер — барлығы мәдениетті болуы тиіс. Бірақ құқық қорғау органдары өкілдеріне де, мұғалімдерге де, мемлекеттік қызметкерге де мәдениет жетіспейді, сауат жетіспейді. Сол себепті осындай жағдайлар қайталанады.

Мысалы, осы азаматтарға «Сен шиитсің ба, сүннетсің ба?» десе, немесе «Қай мазхабтансың?» десең, кейбірі жауап бере алмайды. Сондықтан, олардың білімді болуын талап ету керек.

Мәселен, мемлекеттік қызметкерлерді қызметке аларда түрлі тест тапсырып жатады ғой, сол кезде үміткердің дін туралы білімін де қарау керек. Білімін жетілдіретін курстар, институттар да осы мәселеге мән берсе…

Себебі халық биліктің деңгейін соларға қарап өлшейді, – дейді өз сұхбатында Амангелді Айталы.

Сол секілді ғалым бүгінгі қайғылы оқиғада да мәдениетті жоғары қоюды ұмытпайық деп үндейді.

– Билік кең болуы тиіс. Билік төзімді болуы керек.

Лаңкестік оқиғаға қатысқан, қаза тапқан азаматтардың да отбасыларына көңіл айту керек. Үндемей «сендерге сол керек» деп отыру ұят болады.

Біздің барлығына да жанымыз ашитынын түсінсін.

Сабыр Адай айтқандай, әр қазақ біздің жалғызымыз. Сталин заманында «әкесі баласы үшін жауап бермейді» деген сөз болды, ал біздің заманымызда әкесі мен анасы баласы үшін жауап бермесін, оларды сыйлайық, ортамызға тартайық, осылайша елдің бірлігін асырайық. Сол кезде ел ішінде береке-бірлік болады деп ойлаймын, – дейді бұл реттегі ойында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз