Алматылықтар бір жарым күн ішінде 100 литрге жуық қан тапсырды

31 просмотров

Алматыда лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қала тұрғындары екі күн ішінде 100 литрден астам қан тапсырды.

Бұл туралы бүгін Алматыда брифинг барысында Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков  айтты деп хабарлайды Stan.kz.

«Әлеуметтік желілерде лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге қан жетіспей жатыр дегендей жалған ақпараттар таратылып жатыр. Шын мәнісінде қан жетеді. Барлық зардап шеккендерге толықанды кешенді медициналық көмек көрсетілуде. Кеше ерікті түрде  221 адам келіп қан тапсырса,  бүгін  күндізгі сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 219 адам қан тапсырды. Олардың арасында қала тұрғындары, жастар, студенттер, дәрігерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері және  әскерилер бар», – деді Нұржан Исабеков.

Сонымен қатар, оның айтуынша, зардап шеккендердің барлығы дерлік кеуде тұстарынан, іштен және аяқ-қолдарынан жарақат алған.

Загрузка...