Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Такси де қауіпті. Алматылық таксист талып қалған қызды зорлағанын мойындады

Түрксіб аудандық прокуроры сотталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айман Омарованың айтуынша, сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініп, қызға моральдық шығынын өтеп беруге келісіпті.

Үкім 6-желтоқсанда 17.00-де оқылады.

Еске салайық, такси жүргізушісінің қызды зорлағаны туралы 1-қарашада баспасөз мәслихатында белгілі болған еді. “Не молчи.kz” қозғалысының көшбасшысы Дина Смайылованың айтуынша, оқиға биыл 11-маусымда болған. Оның мәліметінше, 33 жастағы Аида Айсарова таксиде талып қалған. Осындай мүшкіл күйдегі адамға көмек көрсетудің орнына, такси тізгініндегі арам ойлы ер адам оны зорлап тастаған. Оған қоса оның сөмкесіндегі ақшаны алып алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз