Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматылық лаңкестің әйелі: “Тергеушілер мені неге қинай береді. Менің не кінәм бар?”

Безымянный

Аяулым Үмбетқұлова.

Күлікбаев бұған аяқасты бармаған. Түрмеге түскен сәтінде-ақ жоспарлаған. Шыға сала, қандай әрекетке барарын білген және бұған іштей дайын болған. Мұны да лаңкестің әйелі айтып отыр. 

“Бірақ, бұл менің оның сыбайласы болғанымды білдіртпейді. Күйеуімнің нақты қандай жоспары барын мен білгем жоқ. Тіпті, білгім келген күнде де ол маған айтпас еді,” – дейді Аяулым Үмбетқұлова. 

Күлікбаев түрмеден шыға сала әйелінің тәртібін тезге салмақ болған сияқты. Сол себепті де үйлерінде жанжал көбейген, әйеліне қоқан-лоқы көрсеткен сәттері де аз болмапты.  Ал ажырасып кетуге келіншектің жүрегі дауаламаған екен. Неге? Не себепті?

– Ол маған  “басқа біреуге тиіп, бақытты болып кетемін” деп ойлама деді. “Сені сол байыңмен қосып өлтіріп кетемін” деді. “Атып кетемін” деген жоқ, өлтіріп кетемін деді. “Басқа қалаға қашып кетсем не істейсің?” дедім. “Қашып кете бер, үйіңдегі жақын біреуді өлтіремін, әкеңді не шешеңді” деді. “Сол кезде келесің ғой, сол кезде сені де өлтіремін,” – деді.     

Аяулымның айтуынша, күйеуі кісі өлтіруден тайсалмайтын мінезді түрмеден тауып келген. Сондықтан Аяулым лаңкестің қамалғанына қатты қынжылып отырған жоқ. Керісінше,

күйеуінің кесірінен басы бәлеге қалып, тергеушілерден теперіш көріп жатқанын жайып салды.

Қатты қорқып қалған ол, өзіне құқықтық кеңес беретін заңгерлерден көмек сұрап отыр.

– Шегіп отырған темекісінің қорабын лақтырды. Сөйтіп, қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Менің не кінәм бар?  Неге олар мені қинай береді? –дейді Күлікбаевтың әйелі.  

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз