Алматыда бүгін сағат 10:50-де жер сілкінді. Б9л мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,8, MPV магнитудасы – 3,8 балл, ал тереңдігі – 5 шақырым.
Жерасты дүмпулерінің сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.