Осыдан екі күн бұрын із-түссіз жоғалған Александра Щербакова аман-есен табылыпты.
14 жасар жеткіншекті Алматы қаласы Жетісу аудандық ішкі істер департаментінің тәртіп сақшылары тапқан. Оқушы осы күнге дейін Алматы облысы Іле ауданында тұратын құрбысының үйінде болған.
«Жоғалып кеткен Александра Щербакова табылды. Ата-анасына қайтарылды», – деді Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейлә Әліпбаева.