Алматыда Жетісу қонақүйі маңында оқ атылды (видео)

642 просмотров

Оқ атқан екі жігітті Алмалы аудандық ішкі істер департаментіне жеткізді.

Алматыда екі жігіт пневматикалық қарудан Жетісу қонақүйіне қарай оқ атқан деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Абылай хан мен Мақатаев көшелері қиылысында орын алды. Елдегі лаңкестіктің «жасыл» деңгейіне байланысты полицияның патруль экипажы қонақүйге қарама-қарсы қару-жарақ сататын дүкен маңына қарауылға қойылған. Олар болған оқиғаның куәгері болған.

Қара Lexus көлігі қару-жарақ дүкені маңына келіп тоқтап, одан екі жігіт түседі. Олар алдымен «Робинзон» қару-жарақ дүкеніне, одан соң «Қорған центр» аңшылық дүкеніне бас сұғады. Біраз уақыттан соң олар көлігіне оралады. Тағы біршама уақыттан соң көліктің алдыңғы жағынан бірінші ауаға, одан кейін қонақүй жаққа қарай оқ атылады.

Патруль экипажы бірден шалт әрекет етіп, екі жігітті құрықтайды. Екеуі сұрақ-жауап барысында пневматикалық тапаншаға баллон сатып алып, соны тексермек болғандарын айтқан. Ұсталғандар оның қауіптілігі мен салдары туралы ойланып жатпағандарын айтады.

Оларды ары қарай тергеп-тексеру үшін Алмалы аудандық ішкі істер департаментіне жеткізді.

Загрузка...