Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда жетімдер үйінде зорланған балаға қатысты тың деректер жария болды

123

Бұл процессте жәбірленушіден және куәгерлерден бір рет қана жауап алынады, содан кейін олардан жауап алынбайды және сотқа өз сөздерін растау үшін қайта шақыртылмайды. Бұл кәмелет жасына толмағандардың психикасына әсер етпеу үшін жасалады”, – дейді Бостандық аудандық №2 сотының судьясы Олжас Күренбеков.

Судьяның айтуынша, сараптама балалар үйінің тағы екі тәрбиеленушісінің – бала мен қыздың зорланғанын растап берді. Олардан да жабық түрде жауап алынуы керек.

Еске салайық, Алматыдағы №1 балалар үйінде ақпан айында шу шыққан еді. Бұл кезде 13 жастағы бала (кейбір мәлімет бойынша ол 10 жаста) видеокамера алдында тұрып, өз тәрбиешісінен бірнеше рет сексуалдық зорлық көргенін мәлімдеген. Видео БАҚ-тарда жария болған.

Балалар үйінің басшылығы жеткіншектің сөзін қиялының жемісі деп атаған еді. Ал Білім басқармасындағылар қызметтік тексерістің жүргенін, оның қорытындысы бойынша сексуалдық зорлық деректерінің расталмағанын мәлімдеген болатын. Алайда 19 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған. Кейін мекеме директоры жұмыстан босатылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз