Алматы облысында жер сілкінді

25 просмотров

18-маусымда сағат 23:23-те Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым қашықтықта жер сілкінді.

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым қашықтықта орналасқанын айтады.

Жер сілкінісі тербелісі — 4,3 балл. Тербеліс тереңдігі — 25 шақырым.

Қалада жерасты дүмпулері сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Загрузка...