Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
9
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Шаңырақ ықшамауданында 1-сыныптан 17 сынып жасақталып, былтырғы рекорд жаңарды

Оның сөзінше, биылғы оқу жылында 480-ге жуық бала бірінші сыныпқа қабылданған. Әр класста 25-30 аралығында бала оқиды. Мектепте былтырғы оқу жылында бірінші сыныптан 14 болған. Биылғы бірінші сыныптардың реттік саны алфавиттің “Р” әрпіне дейін жеткен.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кәмила Жайылғанованың сөзінше, мектепте биылдан бастап 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқытыла бастайды. Жайылғанова мектептегі 3 мың 200 оқушының жартысынан астамы – бастауыш сыныпта оқитынын, әзірге мектепте “кабинет жетіспеушілігі мәселесі жоғын” айтады.

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің дерегінше, биыл Қазақстан мектептерінде 2,5 миллион бала оқиды. Ал 370 мың бала бірінші сыныпқа барады.

Биыл көктемде министрлік бірінші сынып оқушыларына бес күндік оқу аптасын енгізу туралы шешім шығарған. Ал мектептердегі барлық сыныптарды бес күндік оқуға көшіру науқаны 2019 жылы аяқталуы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз