Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматыдағы лаңкестіктен кейін Қырғызстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Милиция қызметкерлері республиканың әр жерінде қандай да бір арандатушылықтың алдын алу, діни-экстремистік ұйым мүшелерін анықтау рейдтерін жүргізіп жатыр. Өмірлік маңызды нысандарда бақылау күшейтілді.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттері дүйсенбіден бастап күшейтілген режимге ауысты. Өткізу бекеттеріне қосымша әскери қызметшілер жіберілді.

ҚР Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті антитеррорлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын да күшейтті.

Естеріңізге салып өтсек, Алматыда Абай-Байзақов көшелерінің қиылысында, ҰҚКД ғимаратына таяу маңда қаруланған қылмыскер адамдарға оқ жаудырды. Жаралыларды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға алып кетті. Тәртіп сақшылары қаскөйлердің бірін қолға түсірген, екіншісіне іздеу жарияланды.  Қарулы шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі енгізілді. Дәл осы күні кешке бұл деңгейі алынып тасталды. Кейінірек ішкі істер органдарының қызметкерлері тәртіп сақшыларына оқ атқан қаскөйдің қасында болған екінші адамды да ұстады. Анықтау барысында оның кепіл тұтқын екені белгілі болды.

Атыс салдарынан Алматының медициналық ұйымдарында 8 адам ем қабылдап жатыр. Атыс барысында 3 полицей, 1 шекарашы және 1 тұрғын көз жұмып, 6 полицей мен 3 тұрғын жараланды.

Алматыдағы терактінің толық картинасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз