Алматыдағы атыс: жарақаттанған полицей ауруханадан шықты

973 просмотров

Бүгін Алматы қалалық ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі жол-патруль полкінің полицейі Мұрат Балтабек жедел жәрдем ауруханасынан шығарылды, — деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
00006.MTS_snapshot_00.09_[2016.07.25_15.54.42]Өткен дүйсенбіде Алматыда сойқан салған Руслан Күлікбаевқа тойтарыс беру кезінде тәртіп сақшысы иығынан жарақат алған еді.

— Пациент ауруханаға зақымданудан есеңгіреген күйінде, оң иығынан ауыр жарақат алған диагнозбен түскен болатын. Оған бірден диагноз қойылып, жедел ота жасалды. Одан кейін сырқат жансақтау бөліміне ауыстырылып, біртіндеп оның жағдайы оңала бастады. Бүгін ол ауруханадан шығарылып, амбулаториялық ем алуға көшірілді. Мұрат Балтабек толық сауыққанша біздің бақылауымызда болады, — дейді тәртіп сақшысының денсаулығын сипаттаған Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев.

Осы орайда, тәртіп сақшысының қолынан келгенше көмек көрсеткен барлық қазақстандықтарға алғыс білдірді.

00013.MTS_snapshot_00.01_[2016.07.25_15.53.11]— Ең алдымен, заңға қайшы әрекеттерге тойтарыс беру кезінде оққа ұшқан әріптестерімнің отбасыларына қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын. Қиын-қыстау кезеңде ержүрек полицейлердің отбасыларына материалдық көмек көрсеткен, біздің тезірек сауығуымызды тілеп, қолдау көрсеткен отандастырыма шексіз алғысымды білдіремін.

Ішкі істер департаменті басшылығы мен өзімнің әріптестеріме және дер кезінде көмекке келген дәрігерлерге, жеке алғыс айтамын, олардың кәсібилігі менің тез жазылуыма мүмкіндік берді. Мен – жас полицеймін, ішкі істер органдарындағы еңбек өтілім әлі бір жылға толған жоқ. Бірақ бұл оқиға менің жігерімді жасытқан жоқ, мен енді  қылмысқа қарсы бұрынғыдан да белсенді күресіп, азаматтарды жан-тәніммен қорғайтын боламын, енді мен тезірек қатарға қосылу үшін, қызметке шығуға асығып, қаламыздағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, еліміздің игілігі үшін еселенген күшпен қызмет ететін боламын, — дейді жас полицей Балтабек.

 

Загрузка...