Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы атыс: қаза тапқандардың отбасына көмек беру басталды

Бұдан тыс Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлеріне қандай жәрдемақы қарастырылатынын да айтып берді.

– „Құқық қорғау қызметі туралы „ ҚР Заңының 66-бабына сәйкес, қызметкер қаза тапқан жағдайда оған кепілдік қарастырылады. Полиция қызметкері қызметі барысында қаза тапса немесе ауыр жарақат алып, мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, бір жыл ішінде оның ұрпақтарына соңғы еткен қызметіне сай алпыс айлық көлемде ақшалай бір рет жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар „Құқық қорғау қызметі туралы„ ҚР Заңының 67-бабы бойынша, қызмет бабында мерт болған қызметкерді жерлеу шығыны өтеледі. Қазіргі жағдайда үш айлық көлемінде, ал зейнеткерлерге үш айлық зейнетақы көлемінде ақшалай бір реттік жәрдемақы беріледі – деді ол.

Еске сала кетелік, 18-шілдеде Алматыдағы атыс кезінде үш полиция қызметкері көз жұмды. Олар:

Нұрмұхамедов Бауыржан Мәлікұлы — ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 1988 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.

Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы — полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 1991 жылы туған, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.

Ғалиев Аян Ерболғанұлы — полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясы 2-ші батальон полицейі, 1974 жылы туған, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі баласы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз