Алматыдағы барлық қару-жарақ дүкендері белгісіз уақытқа дейін жабылды.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстандағы “Қорамсақ” қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов хабарлады. Оның айтуынша, барлығы да күшейтілген күзеттің қарамағында.
Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. “Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды”
– дейді олар.
Одан кейін Алматыдағы ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимараты алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимараты алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Сонымен қатар, атыс кезінде екі полицей жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Жараланғандардың бірі Құрманғазы-Шәріпов көшелерінің қиылысында жатыр.