Бүгін Алматыда болған лаңкестікке байланысты Қазақстанның екінші лигасында өнер көрсететін «Қайрат U-21» және «Ақтөбе U-21» командаларының арасындағы ойын кейінге шегерілді.
Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз орталығы хабарлады. Аталған хабарда матчтың қашан өтетіні айтылмаған.
Тек «кейін белгілі болмақ», – делінген.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 18 шілде күні таңертең Алматы қаласында орын алған атыста бір бейбіт тұрғын мен төрт полиция қызметкері қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осы оқиғалардан кейін Алматы қаласының аумағында террористік қауіптің «қызыл» деңгейі белгіленді.