Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Алматыда вагон-цистерналардың рельстен шығып кету себебі анықталды

Кеше 24 мамыр күні Алматыда 16 сағат 45 минутта Түркісіб ауданының «Жұлдыз» ықшамауданы тұсында жүк пойызының авиациялық керосин толтырылған 5 вагон-цистернасы рельстен шығып кетті.

Бұған қатысты бүгін ресми түсініктеме берген компания жауабында:

«Вагон-цистерналардың шойын жолдан шығып кетуіне рельстердің техникалық жағдайының қанағаттанарлықтай болмауы себеп. ҚР «Теміржол транспорты туралы» заңына сәйкес, жолдардың күтіміне желі иесі жауап береді. Оқиға орнына Алматы-1 темір жол стансасынан өрт сөндірушілері мен рельстерді қалпына келтіруші пойызы жөнелтілді», – делінеді.

Сонымен қатар, «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ бұған дейін де меншік иелеріне қарасты бірқатар кіреберіс теміржолдардың қанағаттанарлықсыз күйде екендігін, соның салдарынан пойыздардың рельстен шығып кетуі мүмкін екендігі туралы желі иелеріне талай рет ескерту жасап, құзыретті органдарға да хабарлағандарын айтады.

Биылғы жылдың басынан бері елімізде меншік иелерінің кіреберіс теміржолдарында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне қатысты 81 оқиға тіркеліпті. Солардың ішінде 12 оқиға, Алматы қаласының теміржол желісіне жалғасатын, бірақ ортақ қолданыстағы емес кіреберіс желілерде орын алған.

Апатты оқиға орын алған № 673-ші біріктіруші желі «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ-қа тиесілі емес. Ол – «ППЖТ» ЖШС меншігіндегі желі.

Рельстен шығып кеткен вагон-цистерналар қайтадан шойын жолға қойылып, қалпына келтірілді. Бір қуанарлығы, зардап шеккендер жоқ және авиациялық керосин төгілмеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз