Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыда табылған есін білмейтін жігітті анасы іздеп келді

„Іздеу кезінде кездейсоқ Қалқаман ауруханасында есін жоғалтқан жігітті анықтап едік қой. Оған қатысты жақсы жаңалық бар. Оның шешесі табылды. Семейден келіп, баласын құшағына алды. Оның аты-жөні Махмұт Алинов екен. Осындай жақсы жаңалықпен Сафарды да тауып алсақ қой.

Оны қаншама адам іздеп жатыр? Күнде бір алматылық келіп, өз көмегін ұсынады, іздеуге ат салысады. Бұл жағдайға барлық қазақстандықтар да алаңдаулы„ деп жазады Facebook-тегі жеке парақшасында Сафар Шәкеевті іздеуші ерікті жасақтың мүшесі Бекнұр Қисықов.

Еске сала кетсек, Махмұт Қалқаман ауруханасына 4 шілде күні таңғы бесте өте ауыр халде келіп түскен. Оны көлік қағып кеткен. Дәрігерлер оның басы жарылып, бас-сүйегі ішінде үлкен ісік барын анықтаған. Ісікті алып тастау үшін дәрігерлер 2 сағат ота жасаған. Одан кейін науқас екі апта жан сақтау бөлімінде жатқан.

Дәрігерлер оның аман қалуын құдіреттің күшіне балайды. Өйткені Махмұттың жағдайындағы науқастардың басым бөлігі отадан соң басын көтеруі екіталай болады екен.

Махмұттың құлан-таза дертінен айығуы үшін әлі ұзақ уақыт қажет көрінеді. 8 айдан соң оған тағы бір ота жасалуы керек: бас сүйегінің қисайған жерін түзеу бойынша. Дәрігерлер жас жігіттің бір жылдан соң сауығып кететінін айтады.

Махмұт ауруханаға түскенге дейін Алматыдағы бір базарда күзетші болып жұмыс істеп жүрген екен.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз