Алматыда Төтенше жағдайлар және апаттардың қаупін төмендету орталығы ашылды

16 просмотров

Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы өкілетті органдардың басшылары, дипломатиялық миссиялар, БҰҰ агенттіктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі басшылығы атынан осындай орталықтың ашылуымен құттықтаймын. Бұл туралы идея 2005 жылы туындаған. Барлық халықаралық ұйымдар мен серіктестерімізге алғыс білдіремін. Өкінішке қарай, әлемдік статистика мен төтенше жағдайлар фактілері климаттық өзгерістерде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны артады, осылайша материалдық залал келтіріліп, кейде адамдар шығынына соқтыратындығын көрсетіп отыр. Сондықтан осындай орталықтың ашылуы Орталық Азияда әлдеқайда жұмылып жұмыс жасауға мүмкіндік береді», — деді ҚР ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.

Загрузка...