Алматыда үшінші күн бойы 15 жасар қыз іздестіріліп жатыр

79 просмотров

Алматыда үшінші күн бойы туыстары 15 жасар Жансая Жақыпбердиеваны іздеуде.

20-шілде күні сағат 11:00-де қыз бала Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылынан шығып, қаладағы колледждердің бірінен тоқуға түсу шарттарын білмек болып, қалаға кеткен. Содан бері одан хабар жоқ, деп жазады Today.kz.

«19:00-ден кейін байланыс үзілді. Телефоны сөндірулі. Ол оқуға түсу үшін қандай құжат керек екенін білу үшін Алматыға кеткен. Соңғы рет онымен анасы сөйлескен. Жансаяның айтқаны:

«Алаңдамаңыздар, мен келе жатырмын», деген.

Ол Саяхатқа жақындап қалғанын айтқан. Ал 20 минуттан кейін қоңырау шалған кезде телефоны сөндірулі болған. Автовокзалда кім көрінген жүруі мүмкін ғой», — дейді Жансаяның әпкесі Ақсүйген Жақыпбердиева.

Туыстары бірден Талғар АІІБ-не адам жоғалғаны туралы арыз берген. Жансая отбасындағы бес баланың кенжесі.

Қыз баланың үстінде сұр кофта, қызыл-қоңыр мокасин, арқасында қызыл жолағы бар сұр рюкзагы болған. Жансаяның қай жерде екені туралы қандайда бір ақпараты бар адамдарды 87770188212, 87770188077 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз.

Загрузка...