Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда сәбиді өлімші етіп сабады деген бала күтуші кінәсін мойындаған жоқ

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Толқын Өкеева

Баланы көгала қойдай етіп сабады деп айыпталған осы келіншек. Бірақ 36 жастағы Толқын Өкеева бұны мойындап отырған жоқ. Ол бала күтуші болуға келісім бермепті. Айтуынша, анасының өзі ұлын аты-жөні жоқ тастап кеткен.

Толқын Өкеева:

– Мен айттым өзімнің денсаулығым жоқ, жаңадан келдім емделіп, мен қайта қайта құлап жатырмын қысымым көтеріліп, балаңа қарайтын денсаулығым жоқ деп едім, «жоқ тәте маған бір-ақ апта қарап беріңіз…сосын мен қолыма алам» деді. Содан бұл қыз жоқ боп кетті. 8:39 Тәте мен сізге сеніп едім, мен айттым сен расписка бірдеңе жаздырып алмайсың ба?сен қалай сенесің? Мені танымайсың. Бірге жұмыс істедік жарайды.

Осылайша танысы қолқалап қоймаған соң Мансұрға бас-көз бола тұруға келіскен келіншек сәбиді сабағанын да теріске шығарды. Саусақ ұшын да тигізбедім деп ант-су ішкен әйел баланың аулада ойнап жүріп жарақаттанғанын айтады. Онда да басы жарылмай, жәй ғана сырып алған екен.

Толқын Өкеева:

-Ойыншық машина камаз сияқты қызыл машина. – содан құлады? – аха, содан құлап кетті.-Содан басы жарылып кетті ма? – Жарылған жоқ, басы ешқандай жарылған жоқ, оны көршілердің бәрі көріп тұр, басы жарылған жоқ. Болды, машинадан құлады содан екі жерінде жарығы болды, оны көрген адам бар.

Бірақ, дәрігерлік сараптама мүлдем басқа дәйектерді келтіріп отыр. Ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген балада көгерген іздер табылған. Одан қалды, құлағы қанап, ақ халаттылар иненің іздерінің барын айтқан. Бірақ Толқын мұны да мойындамай отыр. Тіпті анасы о баста кешірім берген дейді.

Толқын Өкеева:

– Мен баламның құлағына ине тықпаймын, елдің баласының құлағына қайтіп ине тығам? Мен ішетін әйел болсам жарайды енді айтасыздар ине тықты, бүйтті, сүйтті деп мені көршілерімнің бәрі біледі қандай келіншек екенімді. Сізге қоятын менің ешқандай кінәм жоқ деді, маған просто ақша берсеңіз болды деді. Сөйтіп менен ақша талап етіп отыр.

Ал оңбай таяқ жеген баланың халі әлі де ауыр. Дәрігерлер бас сүйегінің сынған жеріне ота жасаған. Нәресте 3 күн бойы комада жатса да, оны есінен танғанша ұрды делінген адам тек қаладан кетпеу туралы тілхат беріп құтылған. Оқиға бір ай бұрын болса да, тергеушілерге қазір жан бітіп, куәгерлерден жауап енді ғана алынуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз