Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда сәби сатып пайда тапқан акушерлер сотталды

– Кінәлі деп танылып, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабының 2 тармағымен мүлкі тәркіленіп,9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Судья осылай әр дәрігердің жазасын жеке-жеке оқып берді. Яғни, енді Алматы облыстық ауруханасы перзентхана бөлімінің қызметкерлері 2 жылдан 9 жылға дейінгі уақыттарын түрмеде өткізбек. 2 жыл мерзім кінәләрін бірден мойындап, сот ісінің жүргізілуіне көмектескендерге берілді. Ал соңына дейін қарсыласып мойындамағандардың жазасы ауыр. Сондай-ақ олардың мүліктері тәркіленеді. Және сот шығындарын өтеулері тиіс.

Сәби саудасын қыздырғандардың былығы былтыр әшкереленген. Ақ халаттылар бұл әрекеттерін 8 жыл бойы жүзеге асырып келген екен. Осы уақыт ішінде 15 шақалақ сатылып кетіпті. Айыпталушылар бұған дейін қолхатпен және мүліктерін кепілге қойып бостандықта жүргенін де айта кетейік. Бүгін олардың барлығының қолына сот залында кісен салып тікелей түрмеге алып кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз