Алматыда қос бірдей жұмысшы бірін бірі құтқарамын деп қайтыс болды

50 просмотров

Алматының “Саялы” ықшамауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің ауласын көріктендіру жұмысымен айналысып жатқан компанияның қос бірдей жұмысшысын тоқ соғып, қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған азаматтың бірі кран көлігінің жүргізушісі, екіншісі оның көмекшісі көрінеді деп хабарлайды 31 арна.

 Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құрылыс компаниясы жұмысшыларының сөзінше, кран көлігінің бас жағы жоғары кернеулі электр сымына ілініп, марқұмдар бірін-бірі құтқарамын деп қайтыс болған.

Бірақ аулаларды көріктендіру жұмысымен айналысып жатқан компанияның қызметкерлері, әріптестері туралы пікір білдіруден бас тартты.

 

Загрузка...