Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда қоқыс жәшігінен табылған марқұмды өлтіргендер Балқаштан бір-ақ шығыпты

Күдіктілердің бірі – 1993 жылғы Шығыс Қазақстан облысы, тағы бірі – 1994 жылғы Павлодар қаласының тумасы. Олар арадағы дүрдараздықтың кесірінен өз таныстарын өлтірген.  Ауыр қылмыс жасаған екеуі Алматыдан қашып, тіпті шекара асып кетпек болған.

Қазіргі уақытта қалалық криминалдық полиция және Алмалы аудандық ішкі істер қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел тергеу тобы күдіктілерді Балқаштан Алматыға алып келе жатыр.

Күдіктілердің бірінің туысы 14-қыркүйекте Бостандық аудандық ішкі істер департаментіне оның із-түссіз жоғалып кеткенін айтып, шағымданғанын баса айта кетелік.

Еске сала кетелік, 7-қыркүйекте Алматыда таң атпай көпқабатты үйлердің маңындағы қоқыс жәшіктерін ақтарып жүрген үйсіз-күйсіз ер адам қоқыс арасынан шыққан спорттық сөмкені ашып қалғанда, алдынан адамның кесілген басы шыға келеді. Бас шамамен 20-30 жастағы жігіттің басына ұқсайды, сөмкеден тағы оның кесілген қол-аяғы шығады.

Шошып кеткен қаңғыбас көшеге шыға сала, кезіккен бірінші полиция экипажына болған жайтты хабарлапты. Кейіннен қоқыстан табылған ер адамның денесі бөлшектелген пәтер анықталды. Ол тәулікке жалға берілетін Абылайхан көшесіндегі үйлердің бір пәтері болып шықты.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан көптеген дәлелді заттарды тапқан.

Кейіннен марқұмның Алматыда оқуын тәмамдап, енді бизнес ашқалы жүргені белгілі болды.  Ол жуырда үйленіп, әйелінің ішінде баласы қалған. Негізінен, ол 24 жастағы Кентау қаласының тумасы боп шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз