Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда “Мұражай түні” өтеді

212

Қалыптасқан дәстүрге сай іс-шара өткізу кезінде мұражай сағат 18.00-ден түн ортасына дейін жұмыс істейді, келушілерді тегін қабылдайды. Қаланың көптеген мәдени мекемелері мен өнер қайраткерлерінің қатысуымен экскурсиялар, мәдени-ағартушылық және ойын-сауық шаралары өткізіледі.

Атап айтқанда, алматылықтар мен қала қонақтарына арнап танымал ақын Олег Беловтің «Мен сені сүйемін, Алматы» атты жыр кеші өтеді. Өнер туралы тереңірек білгісі келетіндер Ақылбек Орманбеков пен Талғат Жұмағалиевтің «Мүсіндер қалай жасалады?» шеберлік сыныптарына қатысып, суретші Маргарита Волошинамен бірге болуға және «Алые паруса» студиясынан сурет өнерінің қыр-сырын үйренуге мүмкіндік алады.

Мұражайға келушілер «MEZZO» тобының, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ақмарал Қайназарованың жетекшілігіндегі «Алматы-Қазақстан» үнді классикалық ансамблінің, «X-Factor» республикалық музыкалық байқаудың жүлдегері Тимур Иманджанов; испан биі студиясы мен фламенко «Santas Flores del Alma» (жетекшісі Татуриан Ольга), «Күншуақ» байқауының лауреаты Азамат Мадгулдің, «Циркте жоқ шекара» цирк студиясының өнерін тамашалай алады.

Айта кету керек, мұндай мейрам 1977 жылдан бастап 18 мамырда аталып келеді. Жалпыеуропалық «Мұражайлар түні» жыл сайын Халықаралық Мұражай күніне жақын демалыста, сенбіден жексенбіге қараған түнде өткізіледі, бұл акцияға Еуропаның 42 елінен 2 000-нан аса мұражайлар қатысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз