Бүгін Алматы қаласы ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына күдікті сөмке табылғаны туралы хабар келіп түскен.
Жедел басқару орталығына „Алтынсарин және Қуанышбаев көшелері қиылысына жақын маңдағы жол шетінде сөмке жатыр„ деп хабарланған.
– Шұғыл және жедел әрекет ету қызметтері сөмкені тексеріп, оның еш қауіп төндірмейтініне көз жеткізді. Сөмкеде жұмыс қажетті құрал-саймандар болған, – деді Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек.