Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы қисайған үй сүрілетін болды

Арнайы құрылған комиссия „Алғабас„ ықшамауданындағы №1/136 үйді салуда өрескел қателіктерге жол берілгенін анықтады. Соның салдарынан тұрғын үй бір жаққа қисайған деген қорытынды шығарылды .

„Үйді сүру керек, себебі ол апатты жағдайда тұр„ –

деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов.

– … Комиссия үйді салған „Астана Құрылыс„ компаниясына қатысты шешім шығарды. Компания тұрғындардың шығынын толықтай өтеп беруі тиіс. Олар қисайған үйді жөндеп беруі керек немесе басқа жерден зардап шегушілерге үй салып беруі тиіс, – дейді ол.

Бұған дейін Алматыда көпқабатты үйдің тұрғындары жедел түрде қауіпсіз жерге шығарылғаны хабарланған болатын.

Үйдің бас мердігері – ” Астана Құрылыс” компаниясы. Үй “Қолжетімді баспана – 2020” бағдарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға берілген.
Тұрғын үй 2014 жылдың желтоқсанында қолданысқа беріліп, 2015 жылы оған тұрғындар жайғастырылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз