Алматыда елден ақша жинап, оны жұмсап тастаған алаяқ жігіт ұсталды

60 просмотров

Бірнеше алаяқтық іске қатысты Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті С. деген азамат подъезді күрделі жөндеуден өткіземін деп „Қазақфильм„ ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің тұрғындарынан ақша жинап алған. Бірақ құжаттық тұрғыда бұл факт рәсімделмеген. Ол елден жинап алған 150-200 мың теңгені өз қажеттілігіне жұмсап тастаған. Сондықтан ол подъезді жөндей алмаған. Бұған ашуланған көпқабатты үй тұрғындары полицияға ұжым боп шағым түсірген.

„Күдікті тұрғындардың ашу-ызасын түсініп отыр, бірақ ол ақшаны ұрлау туралы ешқандай ойы болмағанын айтады. Өйткені ол сол үйде тұрады, адамдардың барлығы оны таниды. Қазіргі уақытта тергеушілер тұрғындармен сөйлесіп, күдіктімен беттестіріп жатыр. Ол өз кінәсін толықтай мойындайды. Тұрғындарға келтірілген зиян көлемі нақтылану үстінде.  Дегенмен де осы азаматтың әрекетінен зардап шеккендер болса бізге хабрласуларыңызды сұраймыз„ — дейді Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Берік Әбілбеков.

 

Загрузка...