Шектеуден құтылу үшін миллиондаған доллар қаржы керек, – деп хабарлайды КТК арнасы. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің шешімімен жұмысы төрт айға тоқтатылған еліміздегі допингке қарсы зертхана басшылығы мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Талғат Талбаев, «Допингке қарсы спортшылар зертханасы» РМКК директоры:
-Қаражат керек емес талаптарын, қаражатсыз орындалатын талаптарын бәрін орындадық уақытында. Ал бірақ қаражат керек талаптарын әзір шамалы кешігіп жатырмыз. Сол себептен де болуы мүмкін тоқтатылуы.
Дегенмен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің талабы бойынша отандық зертхана заман ағымына сай тағы да миллиондаған доллар тұратын қондырғыларды орнатуы тиіс. Ал оны сатып алуға бюджетте қаржы қарастырылмаған. Бұл тығырықтан шығу үшін спорт комитеті демеушілердің көмегіне жүгінбек.