Алматыда Дінмұхамед Қонаев атындағы мұражай ғимаратындағы өрт сөндірілді

40 просмотров

Алматыда Арбаттағы өрт сөндірілді.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, бүгін таңғы сағат 07:49-да Алмалы ауданындағы Панфилов көшесі, №99-шы мекенжайында орналасқан Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық Қор ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

«Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 4 минуттан кейін, яғни 07 сағат 53 минутта келіп жетті. Екі қабатты ғимараттың екі қабатты темір шатыры өртті сөндіруге біршама кедергі келтірді. Өртті сөндіру барысында материалдық құндылықтар қауіпсіз аймаққа шығарылды», — деп хабарлайды Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау 09 сағат 10 минутта ауыздықталып, 09 сағат 27 минутта сөндірілді. Алдын ала деректер бойынша, жалын 150 шаршы метрді шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында жеке құрамнан 79 адам және 22 техника жұмыс істеді.

Загрузка...