Алматы қаласының Әуезов ауданында төрт қабатты тұрғын үйде болған өрттен 103 адам құтқарылды.
Алматы қаласының Әуезов ауданында төрт қабатты тұрғын үйде болған өрттен 103 адам құтқарылды.
Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.
Бұл туралы қалалық ТЖД қызметінен Сандуғаш Баймухамбетова хабарлаған.
ТЖД мәлімдеуіне қарағанда бүгін таңғы 8:45-тер шамасында Әуезов ауданындағы 10 «А» шағынауданында орналасқан 16-шы үйден өрт шықты деген хабар келген. 4 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан шыққан өрттен 100-ден астам адам құтқарылған.
«40 шаршы метр аумақты пәтер өртенген. Соның салдарынан 103 адам құтқарылды. Олардың ішінде 23 кәмелетке толмаған бала. Қатты жалындаған өрт салдарынан көрші балконға зақым келген. Өрт таңғы 09:17 минут кеткенде ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ- деді ТЖД қызметінен Сандуғаш Баймухамбетова.