Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектеп табалдырығын аттайды

43 просмотров

Алматыда биыл 2016-2017 оқу жылында 29 мыңдай бала бірінші сынып оқушысы атанады.

Бұл туралы Алматы қаласының Білім басқармасына сілтеме жасаған «Қазақпарат» хабарлайды.

тілшісінің биыл мектепке баратын балалардың саны жөніндегі жіберген сауалына Алматы қаласының Білім басқармасы осылай жауап қайырды. Одан басқа, қаладағы барлық жалпы білім беретін мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, 1-ші сыныпқа балаларды қабылдау шарасы басталғандығы атап өтілген. 2016-2017 оқу жылына жергілікті бюджеттен оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2 млрд. 033 млн. теңге бөлінген.

Қаладағы барлық мемлекеттік орта мектептер алдағы оқу жылында оқулықтармен толыққанды қамтамасыз етіледі. Оқу жылы аяқталған соң бұл оқулықтар қайтарылады. 2016 жылдың 29 шілдесіндегі жағдай бойынша қала мектептеріне 2-11 сыныптарды қамтитын 1 949 025 дана оқулық жеткізілді.

Ал бұл, жалпы тапсырыстың 98 пайызын құрайды. Сонымен қатар, 15 тамызға дейін баспалар мектептерді 1-ші сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ететін болады.

Загрузка...