Алматыда өзара сөзге келген екі жігіттің төбелесі қайғылы аяқталды. Жанжалдасқан жігіттердің бірі оқ атып, екіншісі мерт болды. Бұл қайғылы оқиға 28-маусымда түнде Қалқаман ықшам ауданында орын алды.
Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаменті хабарлайды.
Екі жігіт өзара сөзге келіп, төбелес шыққанда бірі травматикалық қарудан оқ атқан. Салдарынан басына оқ тиген екінші жігіт, оқиға орнында көз жұмды. Полициядағылар төбелескен жігіттердің Алматының тұрғындары емес екенін баса айтады.
„Қазір шұғыл топ құрылып, қылмыстық полция басқармасы жұмыс істеп жатыр. Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқ атқан адамның аты-жөні анықталды„ – дейді полициядағылар.