Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда Баландин жаттыққан ескі бассейн жөнделетін болды

Ал әкесі теледидардан көз алмай әлі отыр. Олимпиаданың қайталауын қараған ол баласының бас жүлдесіне әлі сене алар емес.

Игорь Баладин, Дмиртий Баландиннің әкесі:

– Ұлым, жарады! Шынымды айтсам не дерімді білмеймін. Бастысы – арманы орындалды.

– Әлемдегі небір кіл мықтыны артта қалдырып, Қазақстанға алтын алған Дима бала кезде мына бассейнде дайындалған. Тіпті есейгенде де арасында келіп жаттығып жүріпті. Өздеріңіз қарап отырғаныңыздай, чемпион шыққан хауыз ешқандай да алтын жалатылмаған. Тіпті қарапайым. Ескіргені сонша, темірлерінің сыры әлдеқашан кетіп қалған. Бірақ бапкерлер бұл бассейн жөнделетін болды деп айтып отыр, – дейді тілші.

Андрей Хохлов, Диманың бала кездегі бапкері:

– Дима осы бассейнде жаттығып өсті. Осында келіп жүзуден алғашқы қадамдарын жасады. Техниканы меңгерді. Рас, төртінші сыныпта ол судан қатты қорқатын. Бірақ, ол қорқынышты жеңе алды. Кейіннен судан мүлде сескенбейтін болып, жарыстарға шыға бастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз