Алматыда бала сатуды пайда көзіне айналдырған дәрігерлерге қатысты сот басталды

44 просмотров

Бүгін Алматы қаласы жасөспірімдер ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында 32 сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім оқылады. Олар жасөспірімдерді саудалап және құжаттарды қолдан жасағаны үшін айыпты болып отыр.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Қылмыстық іс 45 томнан тұрады. 18 адамға кепілмен босату жазасы тағайындалған. Қалған 14-і ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен жүр.

Сотталушылардың арасында Алматы көпфункционалдық клиниканың бұрынғы 9 қызметкері, біреуі — бұрынғы медицина қызметкері, төртеуі босанған әйел және босанған әйелдердің бірінің күйеуі және 17 сатып алушы және осылардың жанындағы делдалдар да бар.

Қалалық сот балалардың өсіп жатқан отбасы мүшелері туралы мәліметтер құпия сақталады және ешбір жағдайда жария етілмейтінін айтты. Оларды жария еткені үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 138-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, дәрігерлерге жаңа туған сәбилерді саудалады деген айып тағылып отыр. Олар мұны бірнеше жыл бойы пайда көзіне айналдырып келген. Осы уақыт ішінде 20-дан астам бала сатылып кеткен. Жаңа туған сәбилердің құны 150 мың теңгеден 6 мың долларға дейінгі аралықты құраған.

Загрузка...