Алматыда бала күтуші сабап тастаған 2 жасар бүлдіршін комаға түсті

792 просмотров

Алматыда 2 жасар бүлдіршін комаға түсіп қалды. Балақан өлімші етіп сабалған.  Бұған бала күтушісі айыпталып жатыр. Қазір балақан анасымен №1 қалалық балалар ауруханасында жатыр.

Бұл туралы мәліметті Facebook-тегі жеке парақшасында Виктория Момынбаева жария етті.

„Құрметті достар, мына масқара жайтқа ат салысалық! Бала күтуші 2 жасар баланы оңдырмай сабап тастады. Қазір оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатып жіберіпті. Бұл жайтты егжей-тегжейлі айтудың өзі қиын. Зұлымдық жазасын алуы тиіс,„ — деп жазады ол.

Сондай-ақ Виктория Момынбаева „3-тамызда Құтжанов Мансұр түрлі дене жарақатымен және бас-сүйегінің зақымымен есін білмей ауыр жағдайда ауруханаға түскенін„ айтады.

Одан бері балақаның миына екі рет ота жасалыпты. Мансұрдың комадан шыққанына біраз ғана болған. Баланы анасы жалғыз өсіріп отыр екен. Қалада пәтер жалдап тұрады. Сондықтан ол екі жұмысты қатар алып жүруге мәжбүр. Бір ай баласының жанында болғандықтан, қазір бұл отбасының қаржылық жағдайы мүшкіл. Сондықтан Виктория Момынбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында оған көмектесу үшін Мансұрдың анасы Жұлдыздың телефонын жариялады: 8747 835 4686.

Ал баланы бағушы келіншекпен Мансұрдың шешесі бастапқыда бірге пәтер жалдап, оның ақысын бөліп төлеп тұрған. Одан кейін пәтер ақысы түгелдей Жұлдыздың мойнына көшеді. Өйткені қасындағы келіншек баланы бағып, үйде отыратын болады. 3-шілдеде Мансұрдың шешесіне полициядан хабарласып, баласының көк-ала қойдай сабалғанын, ес-түсін білмейтінін, оның ауруханаға шұғыл түрде жеткізілгенін айтады. Ауруханаға келгенде, Мансұр комада болады.

Ал бүгінгі күні Мансұрға екі рет ота жасалыпты. Оң көзі әлі ашылмайды, басын да өз бетімен ұстай алмайды. Бір қолымен ғана ойнауға тырысады. Аздап қана тамақ жейді екен. Бұл туралы баланың анасы Жұлдыз айтып отыр.

Загрузка...