Алматыда көлік полицейлері Португалия Республикасының екі азаматын қос азаматтықты пайдаланғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қос азаматтықты пайдаланып, «Мәскеу-Алматы» рейсімен келген 1963 және 1974 жылы туған Португалия Республикасының екі азаматын анықтады. Ұсталғандарға қатысты ҚР Әкімшілік кодексі 496-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған факт бойынша материалдар Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жолданды», – деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.