Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің отырысы өтіп жатыр

25 просмотров

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп жатыр.

Ғалымдар басқосуда Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекетке сәләфизмнің қатысы мен діни ахуал мәселесі жан-жақты талқылап, кеңес соңында кеңес қайғылы оқиғаға байланысты халыққа үндеу жариялайды деп күтіледі.

— Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды. Ислам – бейбітшіліктің діні. Құран Кәрімде «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең», («Маида» сүресі, 32-аят) деген иләһи қағида бар.

Ел аман, жұрт тыныш заманда жан түршігерлік қылмысқа барғандардың адамгершілік қасиеттерден жұрдай болғаны анық. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі – баршамыз үшін ең жоғары құндылық. Сондықтан қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмірді сақтау – әр азаматтың парызы», – деді бас мүфти делінеді хабарламада.

Загрузка...