Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда автобус жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды

Алматы полициясы қоғамдық көлік жүргізушісінің екі бірдей құқық бұзушылық әрекетке жол бергендігін анықтады. Оның біріншісі – қарсы жолаққа шығып кетсе, екіншісі – бағдаршамның қызыл шамы жанса да жол қиылысынан өткен.

«Бұл оқиға 31 мамыр күні Алматы қаласының Бостандық ауданында орын алды. Автобус жүргізушісі Гагарин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Тимирязев көшесінің алдында бағдаршамның қызылы жанғанына қарамастан, жол қиылысынан өтіп, сол жаққа бұрылып кеткен. Бұл құқық бұзушылық әрекет бейнеленген бейнетаспа сол күні-ақ әлеуметтік желілерде пайда болды. Біздің тарапымыздан, тиісті әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды.

Сонымен, 1980 жылы туған, У. есімді азаматқа қатысты инспекторлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабының 3-ші тармағы мен 599-бабының 1-ші тармағы негізінде екі хаттама толтырды. Істің материалдары енді сотқа жіберіледі.

Жалпы, екі бапқа сәйкес, бұл құқық бұзушылық әрекеттер үшін бір жылға дейін көлік басқару құқығынан айыру, сондай-ақ, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген», – деді Алматы қалалық  жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің командирі, полиция майоры Мұрат Байғазинов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз